Delta bank-тің жеті қаладағы бөлімшесі жабылды

826

Delta bank-тің жеті қаладағы бөлімшесі жабылды

"Delta Bank" АҚ өзінің жеті қаладағы бөлімшесін жабады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

Банктің Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Петропавл қалаларындағы бөлімшелері есептік тіркеуден шығарылды.

Бұрын хабарланғандай, ҚР ұлттық банкі 22 мамырдан бастап "Delta Bank" АҚ-ның жеке және заңды тұлғалардан депозит қабылдауға, жеке және заңды тұлғаларға банк шотын ашу үшін лицензиясын тоқтатқан болатын.

2017 жылдың 1 маусымдағы көрсеткіште Delta Bank –тегі жеке тұлғалардан қабылданған депозит көлемі 30 млн теңгені құрайды. Ал заңды тұлғалардың депозит көлемі 87,9 млрд болған. КАСЕ берген мәліметте банктің негізгі акционері белгілі кәсіпкер Нұрлан Тілеубаев болып табылады.

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, Delta Bank 2017 жылдың алғашқы тоқсанында актив көлемі бойынша 33 банктің ішінде 14 орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу