Демалыс күндері ел аумағында қар жауады

154

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демалыс күндері ел аумағында қар жауады Фото: freepik

Қазгидромет болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көп өңірінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал.

20 қыркүйекке қараған түні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Көптеген өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады.

Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі болжанбайды. Дегенмен елдің солтүстік жартысында түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу