Демалыс күндері Көлсай көлдерінде демалуға тыйым салынды

945

Тиісті қаулыға Кеген ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды.  

Демалыс күндері Көлсай көлдерінде демалуға тыйым салынды

Алдағы демалыс күндері Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағына баруға тыйым салынды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Алматы облысы Кеген ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бүгін шыққан қаулысы негізінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 18-19 шілде күндері "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағы барлық келушілер үшін жабық болады. Барлық тұрғындар мен қонақтардан санитарлық шараларды сақтауды және саяхаттардан бас тартуды сұраймыз", – делінген облыс әкімдігінде.

Еске сала кетейік, Алматы облысының барлық аумағында өткен демалыс күндері қатаң карантин жарияланған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу