Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша жалақы төленеді

2285

Білім берудің барлық сатыларында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонент енгізіледі.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша жалақы төленеді

Дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін ұстаздарға сабақтан тыс дәріс жүргізгені үшін 100% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

"Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының 64 тармағын орындау шеңберінде Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленген. Ол 34 тармақ пен 5 негізгі бағыттан тұрады. Атап айтсақ, нормативтік құқықтық тармақтар, мектеп және спорт, спорт желілерін кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шаралар. Кешенді жоспар аясында ҚР заңнамалық актілеріне 33 түзету енгізілді. Заң жобасы бойынша дене шынықтыру мұғалімдері сабақтан тыс дәріс жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізіліп отыр", – деді министр. 

Сонымен қатар министр ұлттық спортты дамытуға ерекше назар аударылатынын айтты. 

"Ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша шаралар жоспарланған. Білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру мен спорт бойынша уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонент енгізіледі", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Құралай Құдайберген

Фото: andreyspirin.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу