Денсаулық сақтау министрлігі Эбола вирусына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

287

ДДСҰ Конго мен Угандадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялады.  

Денсаулық сақтау министрлігі Эбола вирусына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады Фото: Walden University

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасы мен Уганда аумағында тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың мәліметінше, аурудың таралуына Эбола вирусының сирек кездесетін Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі уақытта бұл штаммға қарсы арнайы вакцина мен нақты емдеу тәсілі жоқ.

Эбола вирусы жұқтырған адаммен немесе жануармен тығыз байланыс кезінде, сондай-ақ олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы таралады. Осыған байланысты мамандар шетелге шығатын азаматтарды жеке бас гигиенасын сақтауға және қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырды.

Денсаулық сақтау министрлігі сапар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен танысып шығуға кеңес береді. Сонымен қатар шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстап, ауру белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет екенін ескертті.

Мамандар өз бетінше ем қабылдамауға және медициналық көмекке жүгінген кезде шетелге сапарлағаны туралы міндетті түрде хабарлауға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу