Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға маңызды үндеу жасады

93

Министр қызылша пневмонияға, нерв жүйесінің зақымдануына және басқа да күрделі салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға маңызды үндеу жасады  Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызылша дендеп тұрған кезеңде вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін атап, ата-аналарды балаларын қорғауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ана ретінде де, дәрігер ретінде де мен әрбір ата-ана үшін ең басты құндылық – баласының қауіпсіздігі екенін жақсы білемін. Бүгінде елімізде қызылша ауруының өсуі тіркелуде. Бұл "қарапайым балалар инфекциясы" емес. Қызылша – асқынуы ауыр болуы мүмкін қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ол пневмонияға, нерв жүйесінің зақымдануына және басқа да күрделі салдарға әкелуі мүмкін. Әсіресе ерте жастағы балалар осал келеді, – деді ол Instagram парақшасына салған үндеуінде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан бірқатар шара қабылданды. Ведомство басшысы балаға екпе жасату арқылы тек өз балаңызды ғана емес, өзге балаларды да қорғауға болатынын алға тартты.

– 6–10 айлық балаларға қосымша иммундау басталды, екпені өткізіп алған балаларды вакцинациялау ұйымдастырылды, профилактикалық жұмыс күшейтілді. Қазіргі таңда сырқаттанушылықтың өсу қарқынының төмендеуі байқалады, дегенмен жағдай баршамыздың ортақ жауапкершілігімізді талап етеді. Сенімді қорғанудың жалғыз жолы – вакцинациялау. Оның қауіпсіздігі мен тиімділігі көпжылдық тәжірибемен дәлелденген. Сіздерді дәлелді медицина қағидаттарына және мамандардың ұсынымдарына сүйенуге шақырамын. Балаңызға екпе жасату арқылы сіз тек өз балаңызды ғана емес, өзге балаларды да қорғайсыз. Балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыздар. Екпені уақытылы алыңыздар, – деді Әлназарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу