Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында медициналық объектілерді аралады

560

Ажар Ғиният Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы медициналық мекемелердің ахуалымен танысып, дәрігерлердің жағдайымен танысып қайтты, деп жазады inbusiness.kz  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында медициналық объектілерді аралады Фото: Telegram арнасы

Денсаулық сақтау министрі Сәтбаев қаласындағы 143 төсекке есептелген ауруханаға барды.  Ведомство басшысы аурухананы аралап, медициналық ұйым басшылығымен қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету бойынша проблемалық мәселелерді талқылады. Ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аурухананы жедел қарқынмен жөндеуді аяқтауды, ұйымның сыртқы аудитін жүргізуді, кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерінің шешімін табуды тапсырды.

Сондай-ақ, А. Ғиният Сәтбаев қаласындағы қалалық емхананың жұмысымен танысты. Ведомство басшысы онкологиялық ауруларды ерте сатыларда анықтау жөніндегі жұмысты күшейтуді, пациенттерді қолдау қызметтері арқылы халықпен өзара іс-қимылды жандандыра отырып, МСАК-тың озық практикаларын кеңінен енгізуді, сондай-ақ емдеуге жатқызу үшін пациенттердің нысаналы санатын айқындау мақсатында күндізгі стационарда емделген жағдайлардың құрылымын зерделеуді тапсырды.

Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға барған министрге аурухананың құрылымын, кадрлық-материалдық және қаржылық қамтамасыз етілуі, стационар қызметі көрсеткіштерінің динамикасы таныстырылды. Министр аурухананы аралап, қабылдау бөлмесінің, перзентхананың, инсульт орталығының және басқа да бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Өңірдегі медицина саласының кадрларымен кездесу барысында министрге еңбекақы төлеу, өңірге келген жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі сұрақтар қойылды. Министр тұрғын үй мәселесі бойынша дәрігерлерге пәтер жалдау төлемдерін өтеу арқылы шешім табуды ұсынды," "ең бастысы-оларды жоғалтпау, қазір қолдау көрсету", - деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу