Денсаулық сақтау министрі: Екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры әзірленді

812

15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында елдің барлық аймағында тұмауға қарсы жаппай вакциналау жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрі: Екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры әзірленді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазір елде коронавирус індеті қайта өрши қалған жағдайда пайдаланылатын дәрі-дәрмек қоры дайын екенін айтты.

"Ауруханаларда, емханаларда және үйде дәрі-дәрмектермен емделу мәселесін ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасалып, әр аурухана мен емханаға жеткізілді. Сонымен қатар, тұмауға қарсы вакцинаның 2 199 990 дозасын дайындадық. Қазір бұл екпе барлық өңірлерге жеткізілді. 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында елдің барлық аймағында тұмауға қарсы жаппай вакциналау жүргізіледі. Қазірдің өзінде кейбір өңір бұл жұмысты бастап кетті. Бұдан бөлек, коронавируске қарсы 5 580 мың вакцина аламыз. Осы мақсатта әр түрлі елдердің өнімдерін қарастырып жатырмыз. Отандық вакцина да қазір клиникаға дейінгі зерттеулерде жақсы көрсеткішке жетіп отыр. Оның мүмкініктерін де пысықтаймыз", – деді денсаулық сақтау министрі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу