Денсаулық сақтау саласында жүйелі кемшілік пен пысықталмаған мәселе көп

1106

Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева денсаулық сақтау саласындағы цифрлық реформаның көрсеткіші мен нәтижесі көңіл көншітпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру мәселесіне арналған жиында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау саласында жүйелі кемшілік пен пысықталмаған мәселе көп

"Денсаулық саласына қатысты ақпараттық жүйені біріктіру, мобильді қосымшаларды қолдану, электронды денсаулық паспортын енгізу сынды бастамалар медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға тиіс. Пандемия денсаулық сақтау саласындағы көптеген жүйелі кемшіліктер мен пысықталмаған мәселелердің бар екенін көрсетті. Біз медициналық база мен түрлі деңгейдегі ақпараттық жүйені біріктіру ісі өзекті екенін білдік. Сақтандыруға қатысты медициналық көмек көрсетуді ретке келтіру қажет екенін түсіндік. Өңіраралық және сектораралық  іс-қимылды жетілдіру мәселесі ақсап жатқаны анықталды", – деді Балайым Кесебаева. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу