Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге салынған инвестиция азайды

1104

Медициналық қызметкерлердің жалақысы елдегі орташа деңгейден айтарлықтай төмен.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге салынған инвестиция азайды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында инвестиция үштен бірге қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-қарашада аталған саладағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 160,1 млрд теңге болды, бұл 2020 жылы коронавирус өршіген кезеңмен салыстырғанда үштен бірге аз.

2019 жылғы қаңтар-қарашада яғни "коронадағдарысқа дейінгі" кезеңмен салыстырғанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында инвестиция көлемі 1,5 есе өскен.

Сектордағы инвестицияның жартысынан астамы банктік емес қарыз 
(47,3 млрд теңге), сондай-ақ банктің өз қаражатының (46,5 млрд теңге) үлесінде.

Жергілікті бюджеттер мен республикалық бюджет 38,6 млрд теңге және 20,6 млрд теңге көлемінде күрделі салымдарды қамтамасыз етті. Банктер берген кредит – 7 млрд теңге.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің жартысынан астамы тек 3 өңірге тиесілі: Алматы (33,6 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (28,2 млрд теңге) және Түркістан облысы (20 млрд теңге).

Күрделі салымдардың ең аз көлемі Атырау (728,8 млн теңге), Ақтөбе (2,1 млрд теңге) және Павлодар (2,2 млрд теңге) облыстарының үлесінде.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 225,1 мың теңге болды. Бұл секторда сатып алу қабілеті 2020 жылғы үшінші тоқсанмен салыстырғанда 13,7% өсті.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы ең жоғары жалақы ауруханалар (237,5 мың теңге) және денсаулық сақтау саласындағы қызмет (230,4 мың теңге) сегменттеріне тиесілі.

Ең төменгі жалақы әлеуметтік қызмет көрсетуде тұрғылықты орынмен қамтамасыз етуде (154,1 мың теңге) және тұрғылықты орынмен қамтамасыз етпеу  (158,3 мың теңге) саласында.

Денсаулық сақтау саласындағы жалақы ел бойынша орташа жалақыдан төмен. Мысалы, 2021 жылғы үшінші тоқсанда жалақыдағы алшақтық – 7,6%, бір жыл бұрын – 10,9%, ал 2019 жылы 27,4% болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесуінде халықтың жартысының ай сайынғы табысы 50 мың теңгеден аспайтынын атап өткен еді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылғы үшінші тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы 243,7 мың теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу