Денсаулық сақтауды дамыту орталығына экс-министрдің есімі берілді

1952

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығына бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың есімі беріліп, мекеме Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы болып қайта құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтауды дамыту орталығына экс-министрдің есімі берілді

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, Үкімет Қаулысымен "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК "Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК болды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Салидат Қайырбекованың еңбегіне жоғары баға берді.

"Тәуелсіз Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің даму тарихында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың рөлі ерекше. Ол қатардағы дәрігер-невропатологтан бастап, денсаулық сақтау министріне дейін көтерілді. Кәсіби білімі терең, ұйымдастырушылық қабілеті, көшбасшылық қасиеті мен жауапкершілігі, қарапайымдылығының арқасында Салидат Қайырбекова денсаулық сақтау жүйесін дамыту жолында күрделі міндеттерді атқарды. Ол медициналық ортада жоғары беделге ие болды", - деді басшы.

Айта кетейік, 1994 жылы Алматыда ДСДРО Денсаулық сақтау медициналық және экономикалық проблемаларының ғылыми орталығы болып құрылды. Орталықтың құқықтық мирасқоры Денсаулық сақтауды дамыту институты еді. Ол Астанаға көшіріліп, 2011 жылы республикалық ақпараттық-талдау орталығымен бірігу арқылы республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы атауын алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу