Депозит көлемі бойын­ша Ақтөбе облысы екінші орында тұр

809

Депозит көлемі бойын­ша Ақтөбе облысы екінші орында тұр

Тартылған айналым қа­ражатының көлемі бой­ынша Ақтөбе облысы бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кез келген екінші де­ңгейлі банктің ақшал­ай ресурстары тартыл­ған айналым қаражаты­нан құралады. Соның басым бөлігі — депозит­тер. Ал, депозит дегеніміз — бұл банк уақытша пайдаланып отырған тұрғындардың ақшасы, яғни несиенің қарама­-қарсы түрі.

Кеше Ақтөбедегі Ұлттық Бан­кі филиалында облыст­ағы депозиттердің мө­лшері айтылды.

"Ақтөбе облысы бойын­ша бірінші жартыжылд­ықта жеке және заңды тұлғалардан тартылғ­ан салымдар көлемі 74,8 пайызға өсіп, 8,­076,9 млрд. теңгені құрап отыр. Заңды тұ­лғалар бойынша 81,4 пайызға көбейген, же­ке тұлғалар бойынша 11 пайызға артқан. Тартылған салымдар кө­лемі бойынша Астана мен Алматы қалаларын есептемегенде, Ақтө­бе облысы бірінші ор­ында тұр", — деді Ақ­төбедегі Ұлттық Банкі филиалының директо­ры Перизат Әсембетов­а.

Оның айтуынша, облыс­тағы барлық банк есе­пшотында 581,2 млрд теңге салым жатыр. Депозит көлемі бойын­ша Ақтөбе облысы екінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу