Депозиттер бойынша шекті мөлшерлеме өсті

Мерзімсіз депозиттер бойынша көрсеткіш 16,3 пайызды құрады.  

Депозиттер бойынша шекті мөлшерлеме өсті Фото: ult.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемеме артты, деп жазады inbusiness.kz.

"Теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер қайта қаралып, көтерілді. Депозитке қатысты жаңа ставка бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Депозиттердің түріне және мерзіміне байланысты Қордың ең жоғары мөлшерлемелері әр түрлі. Мәселен, мерзімсіз депозиттер бойынша - 16,3 пайыз. Мерзімді депозиттер бойынша көрсеткіш 10,7 пайыз бен 17,3 пайыз аралығында. Ал жинақ депозиттер бойынша 14,3 пайыз бен 18, 3 пайыз аралығында.

Еске салсақ, кеше Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді. Бұл елдің ақша-несие саясатына тікелей ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу