Депозиттер бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелері бекітілді

Мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. 

Депозиттер бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелері бекітілді Фото: Stan.kz

ҚДКБҚ депозит нарығында қалыптасқан жағдаятқа байланысты теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың маусымына арналған шекті мөлшерлемелерді мамырдағы мәнінде өзгеріссіз қалдырды. 

"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатындығы туралы шешімді өз бетімен қабылдайтындықтарын ескертеді. Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін", – деп хабарлады ҚДКБҚ.

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелері 10,5%-бен 18,3% аралығында. Ең төмен мөлшерлеме мерзімді, ең жоғары мөлшерлеме жинақ депозиттер бойынша белгіленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу