Депозиттерге кепілдік беру қоры жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені арттырды

538

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы тамыз айына жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені арттырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депозиттерге кепілдік беру қоры жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені арттырды

"Тұрақты депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар, қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескеріп, жинақ салымдарының барлық түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды. 3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 0,5 т. және 1,0 т., 12 айға жинақ депозиттері бойынша 0,1 т. және 24 айға – 0,2 т. арттырылды", – деп хабарлады қор. 

Депозиттердің қалған түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу