Бұл туралы Экономика министрлігі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған дейін ресми түсіндірме берілсе де, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде "жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға салық енгізіледі" деген жалған ақпарат пен түрлі манипуляцияның әлі де таралып жатқанын анықтаған.
Ұлттық экономика министрлігі Үкіметте мұндай салық енгізу мәселесі қарастырылмағанын мәлім етті.
– Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдары (депозиттері) бойынша алатын сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды, – делінген ресми хабарламада.
Осылайша, "депозиттер бойынша сыйақыға салық енгізіледі" деген мәлімдемелерінің заңнамалық негізі жоқ.
Жаза кетейік, Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша пайыздарға 5% салық енгізу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын бұған дейін де хабарлаған еді.