Депозиттің мерзімі ұлғайған сайын сыйақы мөлшерлемесі көбейеді

790

Енді жеке тұлғалардың салымдары мерзімді, мерзімсіз және жинақ салымдар ретінде жіктелетін болды.

Депозиттің мерзімі ұлғайған сайын сыйақы мөлшерлемесі көбейеді

Ұлттық банк депозиттің мерзімі ұлғайған сайын сыйақы мөлшерлемесінің көбейетінін хабарлаған еді. Соған сай, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған ұлттық валютадағы депозиттері бойынша шарттар өзгереді, деп хабарлайды abctv.kz.

Енді жеке тұлғалардың салымдары мерзімді, мерзімсіз және жинақ салымдар ретінде жіктелетін болды.

Атап айтар болсақ, ұлттық валютадағы мерзімсіз салымдардың пайызы - 10,50%, кепілдіктің ең жоғарғы сомасы - 10 млн теңге. Ұлттық валютадағы мерзімді депозиттердің ең жоғарғы кепілдік сомасы - 10 млн теңге, ал пайыздары 3 айға дейін 11,00%, 6 айға дейін 11,80%, 12 айға дейін 12,00%, 24 айдан жоғары 12,50%. Ұлттық валютадағы жинақ салымдардың ең жоғарғы кепілдік сомасы - 15 млн теңге, ал пайыздары 3 айға дейін 12,00%, 6 айға дейін 12,80%, 12 айға дейін 13,00%, 24 айдан жоғары 13,50%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу