Депутат Аманжол Әлтай ер-азаматтарды ез қылатын контент көбейгенін айтты

284

Солардың санатында ер азаматтан қысым көрген әйел адам ғана емес, әйелден де қысым көрген еркектер де баршылық.

Депутат Аманжол Әлтай ер-азаматтарды ез қылатын контент көбейгенін айтты Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай әйелдердің ғана емес, ер-азаматтар мен ата-аналардың құқығын қорғайтын қандай нормалар бар екенін сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Қазақ деген халық анасын ардақтаған, аруын аялаған, ата-анаға құрметпен қараған халықтың өкіліміз. Отбасы  - өте күрделі институт. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар белең алуда. Солардың санатында ер азаматтан қысым көрген әйел адам ғана емес, әйелден де қысым көрген еркектер де баршылық. Сонымен бірге өзінің қартайған шағында балаларынан қысым көріп отырған қарт ата-аналар да жетерлік. Біздің буынымызда "әкеммен ақылдасайын", "әкемнен сұрайын", "әкем біледі" деген түсінікпен өскен буын едік, қазір "мамам біледі", "мамамнан сұраймын", "мамам шешеді" деген балалар көбейіп бара жатыр", - дейді депутат. 

Оның айтуынша, өзінің туған балаларынан зорлық-зомбылық көретін ата-аналар да көбейіп бара жатыр. 

"Қоғамда ер азаматтар мен ата-аналардың құқығы қорғауы мәселесіне қандай жауап беріледі. Ақпарат саласының өкіліне айтарым, бүгінде ақпарат кеңістігінде қазақ жігіттерін, ер-азаматтарын ез, қорқақ, жалтақ қылып көрсететін түрлі контенттердің көбеюі, комедиялық жанрдағы фильмдердің көбеюі нені түсіндіреді?", - деп Әлтай баяндамашы Жұлдыз Сүлейменова мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне қарата айтты. 

Депутат Жұлдыз Сүлейменова заң жобасы тек әйелдер мен балалардың құқығын ғана қорғамайтынын айтты. 

"Денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу бабы барлық азаматтың құқығына байланысты болып отыр. Конституцияда абалалар зейнеттегі ата-аналарына қамқорлық көрсету бар. Осы орайда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жұмыс істеуіміз керек", - деді депутат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу