Депутат Бақытжан Базарбек қоқан-лоққыға тап болды

424

Ескі Қазақстанның өкілдері өздерінің бар-жоғын еске салып отыр – депутат    

Депутат Бақытжан Базарбек қоқан-лоққыға тап болды Фото: instagram.com/bakytzhan.bazarbek/

Депутат Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі балалар арбасын пәтерінің алдында белгісіз біреулер өртеп жіберген.

"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққы басталды. Кішкентай балапанымның арбасын пәтеріміздің есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отыр.", – деп жазды Б.Базарбек.

Бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек 24 млрд теңгенің қайда кеткенін анықтау үшін сегіз облыс әкімдігіне қатысты Бас прокуратураға арыз берген еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу