Депутат бюджет қаражатын үнемдеуге шақырды

250

Ол бірқатар ұсыныс тастады.  

Депутат бюджет қаражатын үнемдеуге шақырды Фото: Дастан Шанай

Сенатор Бекбол Орынбасаров қайталама түзетулерден бас тартып, бюджет қаражатын үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат Премьер-Министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан нысандарға арналған жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу мерзіміне қатысты нормаларды қайта қарауды ұсынды.

"Қазақстанның заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылыс басталмаған жобалау-сметалық құжаттама ескірген болып есептеледі", - деді сенатор.

Оның сөзінше, қазіргі жағдайда мұндай талаптар жергілікті атқарушы органдарға айтарлықтай қаржылық салмақ түсіреді. Мысалы, Маңғыстау облысында мәдениет пен спорт саласындағы жалпы құны 14,5 млрд теңге болатын 12 жобаға түзету енгізу үшін қосымша 4,5 млрд теңге қажет. Ал құны 45,8 млрд теңге болатын 35 жол жобасына тағы 13,7 млрд теңге талап етіледі.

"Жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне қосымша жүктемені болдырмау үшін жобаларды қарау мерзімін ұзарту немесе жобалау-сметалық құжаттаманың сметалық бөлігін ол бекітілгеннен кейін екі жыл ішінде өзекті ету қажет", - деп атап өтті депутат Бекбол Орынбасаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу