Депутат электр энергиясы көрші елдерге қандай бағамен сатылып жатқанын сұрады

386

Былтыр Қазақстанда 123,1 кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Депутат электр энергиясы көрші елдерге қандай бағамен сатылып жатқанын сұрады Фото: ddindia.in

Құрылтай депутаты Бекжан Әлімқұлов түнгі уақытта өндірілетін электр энергиясының көлемі, оны көрші елдерге сату құны туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2008 жылдан бастап Қазақстанда электр энергиясы сараланған тарифтермен сатып алынып отырды. Бұл тұтынушыларға, соның ішінде кәсіпкерлерге және өнеркәсіптерге түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін төмен бағамен электр энергиясын алуға мүмкіндік берді. Алайда 2017-2018 жылдары бұл түнгі тарифтер алынып тасталды. Сонымен қатар қазіргі таңда түнде өндірілетін артық электр энергиясы көрші елдерге едәуір төмен бағамен сатылып жатыр. Түнде өндірілетін артық электр энергиясының нақты көлемі қандай және ол көрші елдерге қандай бағамен сатылып жатыр?", – деп сұрады Құрылтай депутаты Бекжан Әлімқұлов.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі электр энергиясының тапшылығын атап өтті.

"Өйткені 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 123,1 кВт/сағ өндірілді. Ал тұтыну көлемі 124,6 млрд кВт/сағ болды. Біз 2025 жылы көрші елдерден шамамен 800 мегаваттай алатын болдық. (...) Осы түнгі электр энергиясын алсақ, жинақтау жүйелері Ресей немесе Қырғызстанға, не болмаса көрші елдерге жібермей, осы электр энергиясын елімізде сақтайтын болады. Ол біз алатын импортқа және қосымша шығындарға әкеп соқпайды", – деп жауап берді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу