Депутат халық табысын арттыру жоспарының игілігін қанша қазақстандық көретінін сұрады

222

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. 

Депутат халық табысын арттыру жоспарының игілігін қанша қазақстандық көретінін сұрады Фото: instagram/olzhas_nuraldinov

Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында қанша азаматқа мемлекеттік қолдау көрсетілетінін сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Үкімет таяуда ғана халықтың табысын арттыруға 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекітті. Ондағы негізгі шаралардың бірі мемлекеттік қолдау, субсидиялар, жеңілдіктер, кредиттер және басқа да ынталандыру шараларын алатын кәсіпорындар өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруы қажет. Осыған байланысты менің бірнеше сұрағым бар. Үкіметтің бағалауы бойынша қанша азамат осы шаралардың нәтижесін нақты көре алады?", – деп сұрады Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов. 

Сонымен қатар депутат "мемлекеттік қолдауды алушыларға қойылатын талаптардың қатаңдатуы кері әсерге әкелмей ме" деп нақтылады.

"Мысалы, азаматтарымыз бизнес қолдау бағдарламасына қатысудан бас тартуы мүмкін және осыған байланысты жұмыс орындарының қысқаруына әкеліп соқтырмай ма?", – деді Олжас Нұралдинов. 

Бұл сауалға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.

"Биылғы бюджетте 267 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Мысалы, Даму қорының қолдау бағдарламаларының аясында 2023 жылы – 146 мың жұмыс орын, 2024 жылы – 169 мың жұмыс орын, сонымен қатар жыл сайын он мыңдай жұмыс орындар сақталып, жыл сайын тағы да он мың қосымша жұмыс орындары ашылған. Біздің жоспар бойынша биыл да көрсеткіш сол деңгейде болады. 150 мыңға жуық жұмыс орны сақталып, жаңа жұмыс орны ашылады. Себебі қазіргі уақытта жаңа талап әрбір жүз миллион алған субсидияланған кредитке кәсіпкер міндетті түрде бір жаңа жұмыс орнын ашуы қажет. Арнайы оны бақылау үшін бақылаудағы деген инфрақұрылым жүйесі ашылған, оны қазіргі уақытта бақылауға оңай болады. Бизнестің бас тарту мәселесіне келсек, біздің ойымызша, бұл жағдай орын алмайды", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу