Депутат Өңірлік стандарттар жүйесінің кемшін тұстарын атады

774

2019 жылдан бастап енгізілген Өңірлік стандарттар жүйесі халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Депутат Өңірлік стандарттар жүйесінің кемшін тұстарын атады Фото: el.kz

Өңірлік стандарттар жүйесінде сапалық көрсеткіштер ескерілмейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов айтты.

"Қазіргі кезде елдімекендерге арналған Өңірлік стандарттар жүйесі халық санына байланысты объектілердің сандық көрсеткіштерін ғана қамтиды. Мысалы, мектептердің, ауруханалардың, инженерлік инфрақұрылым объектілерінің нақты саны. Ал, сапалық көрсеткіштер ескерілмейді. Атап айтқанда, күрделі жөндеу жүргізудің қажеттілігі, апаттылық, материалдық-техникалық базаның қажеттілігі сияқты және т.б. Бұл елдімекендерде мектептер, медициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, жолдар сияқты және т.б. нысандардың қандай күйде екені назардан тыс қалуына әкеледі", - деді ол Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Халық қалаулысы елдімекендердің әр сала бойынша объектілермен қамтамасыз етілуінің сапалық көрсеткіштерін айқындау әдістемесін әзірлеуі қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ашық деректерді қамтитын ақпараттық базаны қалыптастыруды да ұсынып отыр.

Нұртай Сабильяновтың сөзінше, жобаларды қаржыландыруда жүйеліліктің болмауы, объектілерді салу мерзімдерін кешіктіру, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасында үйлестірілген іс-қимылдың болмауы секілді мәселелер де бар. 

"Мәселен, уәкілетті органдар көптеген негізгі салалар бойынша жұмыс атқарылды деп есеп береді, одан кейінгі жұмысы жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде деп жауап береді", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу