Депутат Ресейден келетін бидай мен сүт тасымалына тоқтау салу керектігін сұрады

547

Қостанай облысы әкімі депутаттар мен қоғамдық кеңес алдында аймақтың 2023 жылғы дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутат Ресейден келетін бидай мен сүт тасымалына тоқтау салу керектігін сұрады Фото: ТоболИнфо

Жиында облыстық мәслихат депутаты Қайрат Оспанов шикі сүттің көрші ел Ресейден келіп, базарды толтырып жатқанына, сапасы төмен, бағасы төмен екеніне алаңдаулы екенін жеткізді. Айтуынша, ол жақта шикі сүтті өңдеу үшін сатып алатын тұтас кәсіпорындар қазірдің өзінде бар. Бұл ретте шаруалар өз өнімдерін сата алмай отырғандығын атап өтті. 

"10 қазанға дейін, яғни автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу мерзімі біткенше күтпеу керек деп есептеймін. Өткен жылы дәл осы тыйымның енгізілуі оң нәтиже беріп, біздің нарық ресейлік өнімдерден қорғалды. Үкімет сүт пен бидай импортына одан әрі тыйым салуы керек. Сонда біздің нарық дамиды", - деді депутат Қайрат Оспанов. 

Өңірде тауарлы-сүт фермаларын құру бойынша алты жоба жүзеге асырылып жатқанын ескерсек, олардың өнімдерін өткізу мәселесі жақын арада ушыға түсуі мүмкін. Бұл шаруашылықтарға бүгінге дейін 15 млрд теңге бөлінген.

"Бұл шаруашылықтар іске қосылғанда сүт өңдеу 60 пайызға дейін артады. Сонымен қатар, екі мың тонналық ірімшік өндірісі ашылады. Өндіріске 35 адам тартылады", - деген облыс әкімі Құмар Ақсақалов қазіргі уақытта бұл мәселені үкімет зерттеп жатқанын және нарықты қорғау туралы шешім қабылданатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу