Депутат сейсмикалық қауіпті аумақтарда құрылысқа тыйым салуды ұсынды

555

Екі және одан да көп қабатты барлық тұрғын үй нысандары үшін міндетті сейсмоаудит енгізу керек.

Депутат сейсмикалық қауіпті аумақтарда құрылысқа тыйым салуды ұсынды Фото: turkystan.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сеймикалық қауіпті аумақтарда құрылысқа тыйым салуды ұсынды. Оның сөзінше, құрылыс компаниялары шектен шығып барады. Халық қалаулысы Алматы қаласын мысалға келтірді, яки қысқа уақыт ішінде ол елдің мәдени орталығынан алып құрылыс алаңына айналған.

Астана, Шымкент, Түркістан және Батыстағы қалаларда да жер сілкінісі мен көшкін қаупі бар зоналарда үйлер көптеп салынып жатыр деп шүйлікті Базарбек. Зәулім үйлерді тиіс рұқсатсыз, әрі келісімсіз тұрғызатын құрылыс компаниялары қазақстандықтарды алдайды деді депутат.  Олар заңды күші жоқ шарттар мен келісімдерді жасап, пәтерлерді сатады. Ал мемлекет сотқа берген жағдайда, жазадан құтылу үшін халықтың наразылығын пайдаланады-мыс.

"Рекреациялық, сейсмикалық, сел және көшкін қаупі бар аймақтарды тұрғын аймақтарға ауыстыруға мораторий жариялау керек. Қауіпті аймақтардағы пайдаланылмай жатқан жерлерге және заңсыз салынған нысандарда космомониторинг жүргізу керек.  Сондай-ақ, сәулет және құрылыс саласында Омбудсмен институтын енгізуді ұсынамын. Оған заңсыз құрылыс аймақтарын тексеруге бастамашылық жасау өкілеттігі берілсін. Екі және одан да көп қабатты барлық тұрғын үй нысандары үшін міндетті сейсмоаудит енгізу керек", деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу