Депутат су басқан аймақтардағы оқушыларды ҰБТ-дан босатып, тегін білім грантын беруді талап етті

1630

 Қазір 3 мыңнан аса оқушы эвакуациялық аймақтарда тұрып жатыр.

Депутат су басқан аймақтардағы оқушыларды ҰБТ-дан босатып, тегін білім грантын беруді талап етті Фото: parlam.kz

Су астында қалған аймақтардағы оқушылар мен мектеп түлектері және ұстаздарға қатысты талаптар таусылмай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы су басқан аймақтардағы оқушыларды ҰБТ-дан босатып, тегін білім грантын беруді талап етті.

"Шетінен шешіліп жатыр, дегенмен дереу шешімдерді талап ететіндері көп. Бірқатарын БАҚ өкілдеріне айттым. “Тамшы да тама берсе тас жарады” демекші, талапты толассыз беремін.

Себебі апат аймағында қалған әр азаматтың талап-тілегі орындалуы тиіс. Етегі жасқа толып, тасқынмен күресіп жүрген оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындалсын", - деді ол. 

Депутаттың айтуынша, қазір 3 мыңнан аса оқушы эвакуациялық аймақтарда тұрып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу