Туыстары асырап алған қаракөздер балалар үйіне жиі қайтарылады

216

Әсіресе бұл 13-18 жастағы балаларға қатысты.

Туыстары асырап алған қаракөздер балалар үйіне жиі қайтарылады Фото: canva.com

Соңғы 5 жылда балалар үйіне қайтарылған жеткіншектердің саны 64% өскен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда бала асырап алғысы келетіндердің саны жыл сайын көбейіп жатыр. Бірақ асырап алынған балалардың балалар үйіне қайтару саны да азаймай, үнемі өсіп келеді. Мысалы, соңғы 5 жылда балалар үйіне қайтарылған балалардың саны 64 пайызға өсті. 2020 жылы 160 бала қайтарылды. 2021 жылы 197 бала қайтарылды. 2022 жылы 217 бала қайтарылды. Бұл мәлімет дереккөздерден алынған. Балалардың құқығын қорғау туралы уәкілетті органдарға сұрағым – балалардың балалар үйіне қайтарылуына не себеп?", - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мұндай деректің барын жасырмады.

"Өкінішке қарай, сіз айтып отырған жағдайлар орын алып жатыр. Балаларды қайтару фактілері бар. Олардың саны көбейіп жатқанын да растаймыз. Талдау жүргізген кезде анықтағанымыз – балаларды туыстары асырап алған жағдайда оларды балалар үйіне қайта алып келеді. 13-18 жас аралығындағы балаларды туыстары көбіне қайтадан балалар үйіне өткізеді. Осыған байланысты министрлік дайындаған заң Мәжілістің қарауында жатыр. Бұл – балалардық құқықтарын қорғау туралы. Осы заңның аясында кәсіби асырап алушы отбасы институты енгізіліп жатыр", - деп жауап берді Еділ Оспан.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс адам саудасына қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу