Депутат Үкіметтен шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтаруға қатысты ақпарат талап етті

571

Күні ертең активтерді қайтару бойынша заң жобасы түседі деп күтіліп отыр.

Депутат Үкіметтен шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтаруға қатысты ақпарат талап етті    Фото: uralskweek.kz

Парламенттегілер бүгін шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару ісі мандымай тұрғанын да ашық айтты. Тіпті, президент тапсырмасы орындалмай жатқан көрінеді. Мысалы, 2022 жылы құрылған жұмыс тобының нәтижесі туралы мүлде ақпарат жоқ. Мәлімет іздеп, өзіне керегін таппай сандалған депутат Құспан: "Шетелге заңсыз кеткен активтің қаншасы қайтарылып, олигополиядан қанша ақша өндірілгені жайлы айтылмай келеді", деп күйінеді. Сөзінше, мемлекеттің экономикалық ресурстарын заңсыз меншіктегендерге қатысты қылмыстық істерден қоғам бейхабар. Осы мәселелерді жіпке тізген халық қалаулылысы жұмыс тобына Мәжіліс депутаттарын да қатыстыруды талап етіп отыр. 

"Күні ертең активтерді қайтару бойынша заң жобасы түседі деп күтіліп отыр. Осыған байланысты бір топ депутаттар атынан біз 2 талап қойып отырмыз. Біріншісі, бас прокурор былтырғы маусымнан бастап, активтерді қайтаруға бағытталған арнайы комиссияның осы кезге дейінгі атқарған қызметі туралы толық ақпарат жолдауы қажет. Ол ақпаратта кімнен қайдан,  қандай сумма өндірілді. Оның қаншасы шетелден қаншасы іштегі компаниядан өндірілгені туралы ақпарат толық қамтылуы тиіс. Заң жобасы қабылданға дейін жолдануы тиіс", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу