Депутат: Ұлттық тәрбиеге қарсы шоуларды жабу керек

665

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев телеарналарды отбасылық құндылықтарға негізделген контентпен толтыруды ұсынды.

Депутат: Ұлттық тәрбиеге қарсы шоуларды жабу керек

Еліміздің ақпарат құрылдарында зорлық-зомбылыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын күшейту қажет. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев телеарналардағы ұлттық тәрбиеге қарсы шоулар мен даңғаза концерттердің орнын отбасылық құндылықтарға негізделген контентпен толтыруды ұсынды. Ол әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен қорғау мәселелеріне арналған жиында, салада жүйелі шаралар  қабылдануға тиіс деді. Онда мектептегі сынып жетекшісі деген қызметтің орнына арнайы маман алу, мектеп психологтарын көбейту, әлеуметтік педагог мәселесін реттеу туралы ұсыныстар да бар.

“Біз ток шоуға музыкаға, қазақтың жастары бір-бірінің бетін жыртып жатқан оқиғаларға , арсыз түрлі әріптестерім айтып жатқан, келіні атасымен, енесі баласымен деген сұмдық оқиғаларға  азғындық нәрселерге орын тапқан эфирден, зорлық зомдықтың алдын алуға контент жасауға орын табылмайды ма, әрине табылады. Осыны жүзеге асыруымыз керек”, - деп пікір білдірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Нартай Сәрсенғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу