Депутат жаңа Ата заң жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды

303

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның соңғы отырысы өтті.

Депутат жаңа Ата заң жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды Фото: Конституциялық сот

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов жаңа Ата заң жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа Конституцияда еңбек – құндылық, ал жұмысшының әлеуметтік қорғалуы мемлекеттің міндеті болып белгіленді. Мәжілісменнің сөзінше, бұл өндіріс пен инфрақұрылымда еңбек адамының мүддесі бірінші орында тұратынын білдіреді.

"Бір палаталы парламент құру, жоғары кеңесші орган – Халық кеңесін енгізу, вице-президент лауазымын бекіту және өзге де өзгерістер ел дамуының жаңа бағытын айқындайды. Мемлекет енді тек үдерістерді басқаруға ғана емес, ең алдымен азаматтарға қызмет ету қағидатына негізделіп құрылады. Жоба бойынша жұмыс барынша ашық әрі демократиялық түрде жүргізілді. Комиссия мүшелері мен Халық партиясының өңірлердегі филиалдары түрлі қоғамдық, әлеуметтік және кәсіби топтармен кездесулер өткізді. Айтылған пікірлер мен ұсыныстар жан-жақты зерделеніп, талқыланып, елдің жаңа Негізгі заңының біртұтас жобасына жинақталды. Бұл жобаны жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынамын", – деді депутат.

Айта кету керек, бұған дейін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның соңғы отырысы өткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу