Депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды

274

Оның ішінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулер мен халықаралық ратификациялық құжаттар бар.  

Депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды Фото: Егемен Қазақстан

Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, Парламенттің төменгі палатасының комитеттері Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы, "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алды.

Бұдан бөлек "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама" секілді заң жобалары да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу