Депутаттар пальма майы бар азық-түлікке ЕАЭО шеңберінде тыйым салуды ұсынды

1352

2019 жылдың І тоқсанында Қазақстанға 8 194 тонна пальма майы әкелінген.

Депутаттар пальма майы бар азық-түлікке ЕАЭО шеңберінде тыйым салуды ұсынды

Бүгін бір топ мәжіліс депутаттары үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдап, елімізге кедергісіз әкелініп жатқан құрамында пальма майы бар өнімдерге тосқауыл қойылу керектігін айтты, деп хабарлайды elorda.info.

Депутаттар әр өнімнің құрамында мөлшерден тыс пальма майы болатын азық-түлік тауарларына Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тыйым енгізу мәселесін көтерді.

2019 жылдың І тоқсанында, кеден органдарының мәліметі бойынша, Қазақстанға 8 194 тонна пальма майы әкелінген.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пальма майына қатысты есеп әзірлеп, оны 22 наурызда ұйымның сайтында жариялаған. Осы есепте ДДСҰ-ның сарапшылары пальма майының семіздікке, асқазан-ішек жолдарының және жүрек-қан тамырларының созылмалы ауруларына апарып соғатынын көрсеткен. Бұл есепті аталған ұйым 48 ғылыми зерттеулердің негізіне сүйеніп жасаған. Мұндай зерттеулер 23 елдегі аурулардың асқынып кеткенін дәлелеп беріпті",– деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу