Депутаттарға заңдағы "мүгедек" сөзі ұнамай отыр

1232

"Мүгедек", "мүгедек бала", "Ұлы Отан соғысының мүгедегі" деген сөздер "мүгедектігі бар адам", "мүгедектігі бар бала" және "Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы және ауруы салдарынан мүгедектігі бар адам" деген сөздермен ауыстырылатын болады.

Депутаттарға заңдағы "мүгедек" сөзі ұнамай отыр

Бұл өзгерістер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген заң жобасында қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Заң жобасында мүгедек адамдарға қатысты дискриминацияға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар енгізіліп отыр. Мысалы, әлемдік тәжірибеде "рeople-first language" деген түсінік, яғни бірінші кезекте оның адам баласы екеніне мән беріліп, кейін оның ауру-сырқаты жөнінде айтылуы қажет", – дейді заң жобасына бастамашы болған мәжіліс депутаттарының бірі Елнұр Бейсенбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу