Депутатты өлтіріп кетті

2034

Жетісу облысында Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты пышақтап кеткен.

Депутатты өлтіріп кетті Фото: @Даурен Слямов

Депутат оқиға орында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға кеше Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде орын алған.

Белгілі болғандай, 24 жастағы жергілікті тұрғын ішіп алып жұмысшыларға маза бермеген. Араша түспек болған 34 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болған.

Артынша, марқұмның Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов екені анықталды.

"Қоңырау түскеннен кейін 5 минут ішінде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған азамат Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", – делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу