Деркөл-Тасқала гидрологиялық бекетінде су көтерілді

1144

Деркөл-Тасқала гидрологиялық бекетінде су көтерілді

БҚО Тас-қала ауданындағы Деркөл-Тасқала гидрологиялық бекетінде су 5 жарым метрге дейін жоғарылап, қауіпті деңгейге жетті. Осыған орай облыстың барлық су қоймаларындағы жағдай жіті бақылауға алынды, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың мәлімдеуінше, әзірге тұрғын үйлерді су басу дерегі тіркелген жоқ. Жайық, Шаған және Сарыөзенде мұз әлі еріп жатыр. Республикалық жолдар бойындағы су өткізуге арналған құбырлардың барлығы да ашық тұр. Ал елдімекендерден 135 мың текше метр еріген қар суы сорылып алынды.

"Чижа-2 өзені бойынша таңертеңгі көрсеткіш сағат 771 сантиметр болса, сағат екідегі көрсеткіш – 766, яғни судың төмен түскені байқалады. Енді әлеуметтік желіде Чижа-2 ауылы бойынша адамдар айтып жүрген су – еріген қар суынан ауылдың ішіндегі ойысқа жиналған су. Оның Чижа-2 өзеніне қатысы жоқ. Мұнда жергілікті атқарушы органдармен суды мотопомпамен шығару жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы тұрғын үйлерге ондай қауіп жоқ", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Марс Отаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу