18 жастағы қазақстандық қыз Диана ханшайымның халықаралық сыйлығын жеңіп алды

398

Уэльс ханшайымы Диананы еске алу үшін тағайындалған бұл марапат онымен аттас қайырымдылық қорының атынан беріледі. Оған ханшайымның екі ұлы, Жоғары Корольдік Мәртебелі Уэльс ханзадасы және ханзада Гарри, Сассекс герцогы демеушілік етеді.  

18 жастағы қазақстандық қыз Диана ханшайымның халықаралық сыйлығын жеңіп алды Фото: Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі

Диана Мырзағалиева сөйлеу қабілетінің бұзылуына және денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғандарға қолдау көрсетіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Семей полигонында ондаған жылдар бойы жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан дизартрия дертіне шалдыққан Диана бірнеше рет ота жасатып, талай сынақ пен қиындыққа қарсы түрған.

Бала кезінде сөйлей алмаған ол өз ойын жазу арқылы жеткізіп, кейіннен мүмкіндігі шектеулі балалардың армандары туралы әңгіме құрастырған. Осы оқиғалар оның "Үміт әрдайым жанымызда" анимациялық фильміне негіз болды.

Инклюзивті Академияның негізін қалаған және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллектпен жұмыс істейтін SPEAKUP қолданбасын жасаған ол білім, технология және әңгімелеу арқылы жаһандық инклюзияға жаңа дем берген. 

"Диана" марапатының барлық жеңімпазы кем дегенде 12 айын үгіт-насихат және оқытудан бастап, қаражат жинау мен қызмет көрсетуге арнаған. 

2024 жылы 30-дан астам елден 80-нен аса волонтер топтарға жиналды. Әрбір номинация бес негізгі критерий бойынша қарастырылып, бағаланды. Олар: көзқарас, әлеуметтік әсер, бөзгелерді шабыттандыру, жастар арасындағы көшбасшылық және әлеуметтік әрекет жолы.

Қазылар алқасы кемінде үш төрешіден, оның ішінде бір жастар өкілінен құралады. 

Айта кетейік, 2024 жылғы Диана сыйлығына 1 700-ден астам өтінім келіп түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу