DiDi Chuxing таксиге тапсырыс берумен айналысатын қытайлық онлайн-платформаның негізін қалаған, әрі компанияның президенті Джин Лю компаниядан кететіні туралы жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің айтуынша, Джин Лю DiDi басшылығын жаңа мүмкіндіктер іздеуге үндеп отыр.
43 жастағы Джин Лю – Goldman Sachs банкінің бұрынғы қызметкері. Ол 2014 жылы DiDi компаниясына жұмысқа қабылданды. Компанияның мәліметі бойынша, оған акциялардың 1,6%-ы тиесілі(640 млн доллар).
30 маусымда DiDi Нью-Йорк қор биржасында акцияларын саудалай бастады. IPO барысында компания 4,4 млрд доллар тартты. 2 шілдеде Қытайдың қадағалау органдары киберқауіпсіздік мәселелеріне байланысты DiDi-ге қатысты тексерісті бастады. 4 шілдеде ҚХР-дың киберқауіпсіздік басқармасы қолданушылардың құпия ақпаратын заңсыз жинады деп, Didi-дің онлайн-сервисін қосымшаларынан дүкенінен алып тастауды бұйырды.
Табиғат Нұрболат
Фото: gettyimages.com