"Digital Qazaqstan" цифрландыру саласында мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырады — Олжас Бектенов

114

Экономиканы цифрландыруға серпін беру қажет.

"Digital Qazaqstan" цифрландыру саласында мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырады — Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу мәселелері қаралды, деп хабаралйды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Digital Qazaqstan" жалпыұлттық стратегиясының жобасы әзірленді.

Ол жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын барынша енгізуді мақсат етеді.

Аталған құжат алдағы уақытта саланың ұзақмерзімді даму бағдарына мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырып, қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру шараларын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз экономиканы цифрлық трансформациялауға айтарлықтай серпін беруіміз қажет", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу