Дихандар дизель отынын арзан бағаға сатып алады

1925

Оңтүстік өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жүріп жатыр. 

Дихандар дизель отынын арзан бағаға сатып алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының литрі 165 теңгеден сатылады. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, бұл нарықтағы бағадан 13-15%-ға арзан.

"Арзандатылған дизель отынын әділ бөлу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 
Министрлік пен әкімдік мәселені бақылауда ұстап отыр", – деді Айдарбек Сапаров.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына қосымша 100 млрд теңге бөлінді. 

"Субсидиялауды есепке ала отырып, соңғы сыйақы мөлшерлемесі қарыз алушылар үшін жылдық 6% құрайды. Бұл шаруаларды айналым қаражатымен, тұқыммен, тыңайтқышпен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Айдарбек Сапаров.

Бұдан кейін ол еліміздің оңтүстік өңірлерінде көктемгі дала жұмыстары жүріп жатқанын жариялады. 

"Жамбыл облысында – 249,5 мың, Түркістан облысында  – 167,5 мың, 
Алматы облысында  – 97,1 мың, Қызылорда облысында – 23,9 мың гектар алқапқа тұқым себілді", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу