Диқандардың мәселесін шешпесек, салдары елдің аграрлық жүйесіне қауіпті – депутат

278

Биыл қазақстандықтар нанмен толық қамтылады. 

Диқандардың мәселесін шешпесек, салдары елдің аграрлық жүйесіне қауіпті – депутат Фото: gov.kz

Елдегі астық өндірушілердің мәселесі Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды, деп жазады inbusiness.kz.

"Дәл қазір диханшылардың мәселесін бірігіп шешпесек, оның салдары елдің аграрлық жүйесіне қауіпті деп есептеймін. Сондықтан да біздегі "ҚазАгроФинанс", "Аграрлық несие корпорациясы" секілді қаржы операторларынан алынған несиелерін жоқ дегенде 1 жылға шегеруге рұқсат берілу керек деп ойлаймын. Егер біз келесі егін жинап алғанша оларға мүмкіндік бермесек, жоқ дегенде 30 пайыз, әсіресе орта және шағын деңгейдегі диханшыларымыз банкротқа ұшырайды", - деді депутат Аманжол Әлтаев.

Ол елдегі астық мәселесіне қатысты мәліметтерде нақты жағдай көрінуі қажет екенін баса айтты.

"Біз жалған мәлімет дегенді доғаруымыз керек. Кешегі Кеңес үкіметі кезіндегідей 100 биеден 100 құлын алдық деген секілді өзімізді де, өзгені де алдаудың не керегі бар? Биылғыдай ауа райы қолайсыз болған, аграршылар қарызға белшесінен батқалы отырған қиын кезеңде нақты мәлімет беруіміз керек. Қанша астық келді – шынайы мәлімет болу керек", - деп түйіндеді халық қалаулысы.

Еске салайық, биыл қазақстандықтар нанмен толық қамтылатынын жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу