Димаш АҚШ президентін ұлықтау рәсімінде ән айтты

1457

Әнші қазақтың халық әні "Самалтауды" орындады. 

Димаш АҚШ президентін ұлықтау рәсімінде ән айтты

17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш қазақтың "Самалтау" халық әнін орындады, деп хабарлады dimashnews.com.

Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді.

Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.

Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі, олардың ішінде: губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және басқалар бар.

Салтанатты рәсім кезінде Димаш қазақтың халық әні "Самалтауды" орындады. Бұл АҚШ-тың сайланған президентін инаугурациялау апталығын ашатын іс-шарада Sister Cities International мен АҚШ және Қазақстан қарым-қатынасының бүкіл тарихында Қазақстаннан алғаш рет әртіс қатысқан кез болды.

Димаш SCI өкілдеріне шақырғандары үшін алғысын білдірді.

Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті. Мұның бәрі Президент Эйзенхауэрдің елдер арасында бейбіт қарым-қатынас орнату туралы көзқарасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар Димаштың 20 қаңтарда Sister Cities International ресми сайтында тағы бір ән орындауы көрсетілетіндігі жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу