Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өнер иесі жазбасында Шайдоровтың жетістігін жоғары бағалап, оның жеңісін бүкіл ел үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.
– Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі қимылың мен өнерің тек чемпион ғана емес, бүкіл жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң – халқымыздың өкінішке қарай, маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы борышыңды, еліміздің, халқымыздың алдындағы міндетіңді жоғары деңгейде өтедің, – деді Димаш Құдайберген.