Димаш Құдайберген Вьетнамдағы музыкалық фестивальде ән шырқайды

171

DimashNews сайтының мәліметінше, 8Wonder Winter 2025 – Symphony of Stars фестивалі музыкалық шаралар сериясының бесінші маусымын бастайды.

Димаш Құдайберген Вьетнамдағы музыкалық фестивальде ән шырқайды Фото: kaz.inform.kz

2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars мәдени фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ханой халықаралық көрме орталығында сахнаға шыққан әлемдік және вьетнамдық жұлдыздар музыка арқылы түрлі мәдениеттерді бір арнаға тоғыстырады.

Олардың қатарында: 17 "Грэмми" иегері Алиша Киз, Вьетнамның сүйікті баллада орындаушысы Ван Май Хыонг, ғаламат дауысымен әлемге танылған Димаш Құдайберген, "Rich Man" мини-альбомымен ерекшеленген K-pop тобы Aespa, миллиондаған қаралым жинаған рэп орындаушысы HIEUTHUHAI және "Phép Màu" хиты арқылы әйгілі болған жаңа инди-ұжым MAYDAYS бар.

Ал билеттерді 24 қазаннан бастап, VinWonders.com, Ticketbox, Klook.com және Trip.com сайттарынан сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу