Димаш Құдайбергеннің ағылшын тіліндегі жаңа әні жарыққа шықты

305

Әнші бейнебаянның үзіндісімен Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Димаш Құдайбергеннің ағылшын тіліндегі жаңа әні жарыққа шықты Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Айтуынша, бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертінде орындаған.

"Менің "Smoke" атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған болатынмын. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді. Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталмыш туындыны жасауға үлес қосқаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Стамбулда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу