Димаш жанкүйерлерді фортепианодағы қазақ туындысымен қуантты

890

Фортепианода отырып, Қазақстанның Халық әртісі "Құсни-Қорлан" шығармасын орындады. 

Димаш жанкүйерлерді фортепианодағы қазақ туындысымен қуантты Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Димаш Құдайберген өзінің инстаграм парақшасында жанкүйерлерін Венгриядан келген жаңа жазбамен қуантты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Қазіргі кезде танымал әнші жұмыс бабымен Венгрия елінде жүр. Айтпақшы жақында, талантты өнер иесі 2024 жылдың мамырына жоспарланған Будапешт қаласында өтетін концерті туралы жария етті.

Жұмыс барысында Қазақстанның халық әртісі ашық қызыл фортепианода отырып, қазақтың ақыны Естайдың "Құсни-Қорлан" шығармасын ойнауды ұйғарды.

"Қазір, мен Венгрияда жүрмін. Жұмыс кезінде "Құсни-Қорлан" халық әнін ойнауды шештім", - деп жазды Димаш өзінің жарияланымында.

Айта кету керек, бірнеше сағат ішінде пост 20 мыңнан астам лүпіл пен 1700 пікір жинады. Өнерлі музыканттың жазылмандары әлемнің әртүрлі тілдерінде көрген және естіген жағымды эмоцияларын білдірді.

"Димаш, өте әдемі", "Осындай туындыларды бізге жиі ойнаңыз, өтінемін", "Осындай әдемі және ерекше фортепианоға қалай қарсы тұра алмайсыз және оны сынап көрмеуге болады", "Не деген сұлулық! Өте әдемі Будапештке жалынды сәлем! Біз оны жақсы көреміз, сағынамыз және күтеміз", "Бұл өте керемет! Сізге жұмысыңыздың сәтті өтуін тілеймін", - деп жазды қазақстандық әртістің жанкүйерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу