Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жақында Мексикада концерті өтеді. Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған оның жаңа елде өнер көрсетуі әрдайым жанкүйерлерін қуантады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Димаштың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Әнші Instagram-да алдағы концерті туралы сол елдің тілінде, яғни испанша жазба жариялады.
"Репетиция аяқталды. Жарық сөнеді… Сол сәттегі сезімім – тек шексіз алғыс. Алғашқы концерттің билеттері небәрі 40 минутта сатылып кетті. Біз қосымша концерт қостық – ол бар болғаны 8 минутта сатылды. Мексика, сен менің барлық арманымнан асып түстің. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша ертеңнен кейін жаңа аренада тағы да кездесеміз. Бұл жай ғана концерт емес… бұл – дыбыспен, жарықпен және махаббатпен жазылған ортақ тарихымыз. Энергияларыңызға, сенімдеріңізге және шексіз сүйіспеншіліктеріңізге рахмет. Рахмет саған, Мексика", – деп ризашылығын білдірді Димаш.