"DiMENSIONS" – Димаштың шығармашылығы мен болмысын жаңа қырынан танытатын жоба

389

Димаш Құдайбергеннің жаңа "DiMENSIONS" жобасы уақыт пен кеңістік тақырыбын ғана арқау етпейді.

"DiMENSIONS" – Димаштың шығармашылығы мен болмысын жаңа қырынан танытатын жоба Фото: dimashnews.com

Бұл – өнер иесінің шығармашылық жолын, өмірлік ұстанымдарын және жеке тұлғасын көрерменге жан-жақты таныстыруға арналған ерекше концерттік бағдарлама, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба арқылы Димаштың әнші, композитор және продюсер ретіндегі көпқырлы талантымен қатар, сахна сыртындағы қарапайым болмысы да көрініс табады. Оның ұлттық құндылықтарға деген құрметі, ішкі жан дүниесінің жылуы, өмірден түйген ойлары мен өзін үнемі жетілдіруге деген талпынысы әрбір шығармасында айқын сезіледі.

Көпшілік Димашты ең алдымен ерекше дауыс иесі ретінде таниды. Алайда бұл жоба көрерменге сол дауыстың иесі – адамның ішкі әлемін, мінезін және рухани болмысын тереңірек таныстыруды мақсат етеді.

Концерт барысында эмоциялар, естеліктер мен өміріндегі маңызды сәттер бір арнаға тоғысып, өнерпаздың тұтас бейнесін қалыптастырады. Нәтижесінде көрермен туған жерге деген сүйіспеншілікке, шынайылыққа, өмірлік құндылықтарға және жаңа белестерге ұмтылысқа негізделген Димаштың шынайы болмысымен қауышады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу