Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрады

141

Бас прокуратура “НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрінің Черногориядан баспана сұратқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрады Фото: Dalanews

15 сәуірде экстрадициялау рәсімі аясында Черногория соты Дина Таңсәріні босатты. Өйткені оның Черногориядан баспана сұраған өтініші әлі қаралмады.

Ведомство Қазақстан мен Черногория арасында экстрадициялау туралы халықаралық шарт жоқ екенін айтты. Сондықтан оны экстрадициялау туралы шешімді Черногория құзыретті органдары қабылдайды.

"Қазір Қазақстанда Дина Таңсәріге қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілді", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу