Динара Зәкиева: Баланы қорғау Конституцияның негізгі қағидаты болып қала береді

Уәкілдің сөзінше, Конституция жобасының 27-бабында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілген.   

Динара Зәкиева: Баланы қорғау Конституцияның негізгі қағидаты болып қала береді Фото: facebook.com/dinara.zakiyeva

Мұны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның бесінші отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті ретінде белгіленген. 
Зәкиева бұл нормалар тек декларация емес, мемлекеттік саясат пен балалардың құқығын қорғау саласындағы практикалық жұмыстың негізі екенін айтады. Соңғы бір жылда ғана балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 51 мыңнан аса жағдай тіркеліп, мемлекет тарапынан құқықтық қорғау шаралары қабылданған. 

– Бұл нормалардың ең басты маңызы – балалардың өмірінде көрініс табатыны. Әрбір көрсеткіштің артында баланың тағдыры мен отбасылардың өмірі тұр, – деді Динара Зәкиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу