Динара Зәкиева: 11 футболшы бала толық сауығып кеткенше Өзбекстанда болады

Бұған дейін Ташкентке барған қазақстандық жас футболшылар ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Динара Зәкиева: 11 футболшы бала толық сауығып кеткенше Өзбекстанда болады Фото: kursiv.media

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның сөзінше, қазіргі уақытта 11 бала дәрігер бақылауында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол Өзбекстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және команданың бас бапкерімен тұрақты байланыста екенін айтты. 

Қарағанды облысынан барлығы 60 бала, 32 ата-ана және 4 жаттықтырушы барған. Қазір Ташкенттегі ауруханада 11 бала дәрігерлердің бақылауында тұр. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі жағдайды жеке бақылауына алған. 

– Олар толық сауығып кеткенше Өзбекстанда болады. Ал қалған балалар ата-аналарымен бірге бүгін Қазақстанға қайтады, – деп нақтылады Динара Зәкиева. 

Жаза кетейік, бұған дейін Қазақстан СІМ балаларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу